← Назад к новостям
«Алтын белгі»

«Алтын белгі»

b0917skobilim
19.06.2026 в 14:02
45 просм.
Нет комментариев

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 175 түлек ең жоғары мектеп марапаты–«Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Өңір басшысы салтанатты жағдайда үздік түлектерді құттықтап, оларға лайықты марапаттарын табыстады.
Осы мәртебелі шараға «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Аңсар Сейлиханова қатысып, өзінің үздік оқу жетістіктерінің нәтижесінде «Алтын белгі» иегері атанды.
Аңсарды жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат–оның көп жылғы еңбегі мен табандылығының, ұстаздары мен ата-анасының қолдауының жемісі.
Алдағы өмір жолында жаңа белестерді бағындырып, ел мақтанышы болуына тілектеспіз!
Жарқын болашаққа нық қадам басқан түлектерімізге сәттілік тілейміз!

Автор: b0917skobilim · 19.06.2026
45
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT