М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) тарих пәні мұғалімі Адалбекова Асем Рустемовна облыстық педагогикалық тәжірибені таратудың әдістемелік алаңында «Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің тарихи кезеңдері » тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен өз іс-тәжірибесін бөлісті.
Іс-шара барысында педагог мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін, оқушылардың оқу сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін таныстырды. Сонымен қатар, сабақ барысында қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар мен тәжірибеде оң нәтиже берген әдістер ұсынылды.
Әдістемелік алаңға қатысқан әріптестер ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтіп, тәжірибе алмасу барысында пайдалы ақпараттар алғандарын жеткізді. Мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, үздік тәжірибелердің кеңінен таралуына мүмкіндік жасайды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены