← Назад к новостям
«Көңілді жазға – жарқын қадам!»

«Көңілді жазға – жарқын қадам!»

tolebimakataeva
01.06.2026 в 09:54
121 просм.
Нет комментариев

«Көңілді жазға – жарқын қадам!» 
Мектебіміз жанындағы «Көңілді жаз – 2026» жазғы лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады! 
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында ұйымдастырылған лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Ашылу барысында оқушыларға мерекелік бағдарлама ұсынылып, қызықты ойындар, би, ән және көңілді сайыстар ұйымдастырылды.
Жазғы лагерь – бұл жаңа достар, қызықты сәттер, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер мекені. Алда балаларды танымдық, спорттық, шығармашылық және ойын-сауыққа толы ерекше күндер күтуде! 🌈🏕️«Көңілді жазға – жарқын қадам!» атты лагерь маусымы барша бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй, жақсы демалыс және жарқын әсер сыйласын!


,

Автор: tolebimakataeva · 01.06.2026
121
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT