← Назад к новостям
Білімнің бастауы – бастауыш.

Білімнің бастауы – бастауыш.

64mektep
21.05.2026 в 13:24
38 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде «Білімнің бастауы – бастауыш» атты бастауыш сыныппен қоштасу салтанатты бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, мектеп өміріндегі алғашқы жетістіктері мен жарқын сәттерін еске алды. Әсем ән мен әсерлі өлеңдерге, көтеріңкі көңіл күйге толы іс-шара оқушылар мен ата-аналарға ерекше әсер сыйлады. Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, шәкірттердің бойына ізгілік пен білім дәнін сепкен ұстаздарға ата-аналар өз алғыстарын білдірді. Ал жас түлектер алдағы оқу белестеріне сеніммен қадам басты. Бастауышпен қоштасқан оқушыларымызға сәттілік тілейміз! ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 21.05.2026
38
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT