9 және 11-сынып түлектерінің ағаш егу акциясы!
Мектебімізде 9 және 11-сынып түлектерінің қатысуымен ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мектеп ауласын көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау және оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.
Акция барысында түлектер мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, оларды күтіп-баптаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді


Автор: tolebimakataeva
Добавлено: 22.04.2026 в 14:34