← Назад к новостям
Ертіс-Баян ІІ республикалық театрлар фестивалі өтеді

Ертіс-Баян ІІ республикалық театрлар фестивалі өтеді

aimauytovteatry
12.05.2026 в 11:01
46 просм.
Нет комментариев

Биыл күзде біздің театрымыздың ұйытқы болуымен «Ертіс-Баян» ІІ республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылады.


Еліміздегі үздік театрлар арасындағы өнер байқауы қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, режиссер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕрсайынТәпеновтің туғанына 80 жыл толуына орай өткізілмекші.

Байқау мақсаты - Ертіс-Баян өңірінің театр кеңістігін жаңа мазмұнмен толықтыру және отандық театрлар арасындағы кәсіби байланысты нығайту.Театр өнерінің үздік жұмыстарын анықтау, заманауи үрдістерді таныстыру және шығармашылық тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Фестиваль шарттары бойынша Ұйымдастыру комитеті театр сыншыларынан тұратын 5 адамды бекітеді.

Марапаттау номинациялары келесідей:

 - Бас жүлде;

- Павлодар облысы әкімінің арнайы жүлдесі;

- «Үздік ансамбль»;

- «Үздік режиссура» (ЕрсайынТәпеноватындағыжүлде);

- «Үздік ер адамбейнесі»;

- «Үздік әйел адам бейнесі»;

- «Екінші пландағы ер адам бейнесі»;

- «Екінші пландағы әйел адам бейнесі»;

- «Үздік сценография».

Фестиваль 2026 жылдың 25-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

 

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры

Автор: aimauytovteatry · 12.05.2026
46
0