← Назад к новостям
«Мөлдір бұлақ» акциясы.

«Мөлдір бұлақ» акциясы.

64mektep
28.04.2026 в 13:12
45 просм.
Нет комментариев

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 9 «Б» сынып оқушылары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты. Мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-шараларға тарту.Акция барысында оқушыларға табиғатты аялау, суды үнемдеу, су көздерін ластамау, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениеті кеңінен насихатталды. Акция экологиялық сабақ есебінен ұйымдастырылып, оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын тереңдетуге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, мектеп маңындағы сыныптарға бөлінеген бөліктердегі көғалдандыру жұмыстарында жер қопсыту, ағаштарды суару сияқты практикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың белсенді қатысуына жағдай жасалды. Осы іс-шара арқылы оқушылар табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсініп, экологиялық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде суды қорғау мен үнемдеудің қажеттілігін ұғынады. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 28.04.2026
45
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT