← Назад к новостям
«Q-DODA» интеллектуалды куизі

«Q-DODA» интеллектуалды куизі

65mektep
29.04.2026 в 15:39
273 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде ұстаздарға арналған ерекше форматтағы «Q-DODA» интеллектуалды куизі ұйымдастырылды. Іс-шара білім мен жылдамдықты, логика мен командалық үйлесімділікті сынға салған тартысты додаға айналды. 👩‍🏫👨‍🏫


Ұстаздарымыз күнделікті қарбаластан сәл үзіліс жасап, өзара білім сайыстырып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияға бөленді. Әр кезең қызықты сұрақтармен, шапшаң жауаптармен және нағыз командалық рухпен есте қалды. 🔥

💰 Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар марапатталып:
🥇 1-орын — 30 000 теңге
🥈 2-орын — 20 000 теңге
🥉 3-орын — 15 000 теңге иеленді.

Барлық қатысқан ұстаздарымызға белсенділік танытып, ерекше атмосфера қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз! 👏

Автор: 65mektep · 29.04.2026
273
0