← Назад к новостям
ХІХ «Шаттық-2026» қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі.

ХІХ «Шаттық-2026» қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі.

64mektep
16.04.2026 в 23:06
44 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасын іске асыру аясында балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген ХІХ «Шаттық-2026» қалалық байқауына қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шара жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға және дарынды балаларды қолдауға бағытталды. Марапаттау рәсімінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жетістіктер — оқушылардың табанды еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлі өрендеріміз әрдайым биік белестерден көрініп, шығармашылық жолда жаңа жетістіктерге жете берсін! Келешекте бұл жас дарындардың есімі еліміздің мәдени кеңістігінде кеңінен танылып, үлкен сахналардан көрінетініне сенім білдіреміз. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 16.04.2026
44
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT