← Назад к новостям
"Темір жол–қауіпті аймақ"

"Темір жол–қауіпті аймақ"

b0917skobilim
22.04.2026 в 13:43
138 просм.
Нет комментариев

2026 жылдың 21 сәуір күні
"№2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің
7–8 сынып оқушыларына арналған маңызды іс-шара өтті.
"Темір жолда өзіңді сақта" акциясы аясында Жаңаесіл станциясының сызықтық полиция бөлімінің подполковнигі Шакубасов Б.К. қатысып, "Темір жол–қауіпті аймақ" тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға темір жол маңындағы қауіпсіздік ережелері, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары және жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, нақты мысалдар келтіріліп, темір жолдағы тәртіпті сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Автор: b0917skobilim · 22.04.2026
138
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT