← Назад к новостям
 Кәсіби бағдар

Кәсіби бағдар

b0917skobilim
20.04.2026 в 12:18
72 просм.
Нет комментариев

20 сәуір 2026 жылы «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті өкілдері кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу шарттары және гранттық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге құжат тапсыру ережелері мен болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Кездесу оқушылар үшін болашақ мамандықтарын таңдауда маңызды бағыт-бағдар берді.

Автор: b0917skobilim · 20.04.2026
72
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT