← Назад к новостям
«Әкелерге арналған пайдалы бейсенбі»

«Әкелерге арналған пайдалы бейсенбі»

b0917skobilim
09.04.2026 в 13:43
66 просм.
Нет комментариев

« №2 Новоишим орта мектебі» КММ-де
2026 жылдың 9 сәуірінде «Отбасы және мектеп» жобасы аясында «Әкелерге арналған пайдалы бейсенбі» атты футзал турнирі өтті.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылып, әкелер мен оқушыларды бір алаңға біріктірді. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Турнирдің бастамашысы және ұйымдастырушысы – «Адал» мектеп парламенті. Олардың белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында шара мазмұнды әрі әсерлі өтті.Мұндай кездесулер мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.

Автор: b0917skobilim · 09.04.2026
66
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT