← Назад к новостям
«Ғарышқа саяхат» танымдық сағат.

«Ғарышқа саяхат» танымдық сағат.

64mektep
15.04.2026 в 22:58
52 просм.
Нет комментариев

Бүгін «Ғарышқа саяхат» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Танымдық сағат барысында оқушылар ғарыш кеңістігі, ғаламшарлар мен жұлдыздар туралы бейнеролик көріп, өз танымдарын толықтырды. Сонымен қатар, оқушылар топтық және жеке жұмыстар орындап, мозайка құрастыру, сурет салу және қолөнер бұйымдарын жасау арқылы өз қиялдарын бейнелеп, шығармашылық белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың ғарышқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 15.04.2026
52
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT