← Назад к новостям
Көктемгі демалыс кезінде тәрбиеленушілер эко-челленджге қатысты

Көктемгі демалыс кезінде тәрбиеленушілер эко-челленджге қатысты

b0927skobilim
23.03.2026 в 17:37
68 просм.
Нет комментариев

 

24 наурызда Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған көктемгі демалыс іс-шаралары жоспары аясында мектепалды даярлық сыныбы мен «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиеленушілері қызықты эко-челленджге қатысты.

Балалар ата-аналарымен бірге үлкен қызығушылықпен тұқым сеуіп, топырақты дұрыс дайындауды үйренді және өсімдіктерге күтім жасаудың негізгі жолдарымен танысты. Мұндай жұмыс форматы балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятып қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Эко-челлендж тәрбиеленушілерге өздерін кішкентай зерттеуші әрі табиғат жанашыры ретінде сезінуге тамаша мүмкіндік сыйлады. Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті, жауапкершілікті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, балаларға жағымды әсер қалдырды. Қамту саны – 3 тәрбиеленуші.

Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме / Ссылка на публикацию в Facebook:
https://www.facebook.com/KGUStavropolkaSH/posts/pfbid02LYuUHX8fiXkSPb4xRKjqdquCnrxf8XKcP6ZqnQHRYXAsf8BR8vSixX1ivtPyxY2Sl

#Адал_азамат
#Наурызнама
#Таза_Қазақстан

Автор: b0927skobilim · 23.03.2026
68
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT