← Назад к новостям
Ұлттық ойындар керуені

Ұлттық ойындар керуені

83mektep
21.03.2026 в 14:55
255 просм.
Нет комментариев

«Ұлттық ойындар керуені» атты бірыңғай республикалық акция аясында Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында қазақ күресінен тартысты жарыс өтті.

Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің денсаулық спартакиадасы бағдарламасы бойынша жарысқа 100-ден астам ұстаз қатысты. Ұстаздар өзара күш сынасып, ептілік пен төзімділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Белдесу барысында қатысушылар ұлттық спортқа деген құрметтерін танытып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын байқатты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥉 ІІІ орын – Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицей
🥈 ІІ орын – №110 жалпы орта білім беретін мектеп
🥇 І орын – Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназия

Барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұлттық спортқа деген құрметтерін танытты. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Автор: 83mektep · 21.03.2026
255
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT