← Назад к новостям
Ю. А. Гагарин атындағы №14 орта мектепте "Мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Ю. А. Гагарин атындағы №14 орта мектепте "Мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

b1414skobilim
12.03.2026 в 15:07
254 просм.
Нет комментариев

Ю. А. Гагарин атындағы №14 орта мектепте "Мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында ата-аналарға мектепте тамақтануды ұйымдастыру, оқушылардың дұрыс және теңгерімді тамақтану қағидалары, сондай-ақ балаларда дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа тәсілдер туралы айтылды. Жиналысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектеп пен отбасының оқушылардың денсаулығын сақтау мәселелеріндегі бірлескен жұмысының маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар ата-аналар алдында мектеп психологы сөз сөйлеп, ПҚДО аясында «Қазіргі замандағы жасөспірім: алаңдататын белгілер және қорғау» тақырыбында әңгіме жүргізді. Баяндамасында жасөспірім кезеңіне тән өзекті мәселелер, балалардың мінез-құлқындағы және эмоционалдық жағдайындағы мүмкін болатын қиындықтардың белгілері, сондай-ақ жасөспірімдерді отбасы мен мектеп тарапынан қолдау және қорғау жолдары қарастырылды.







Автор: b1414skobilim · 12.03.2026
254
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT