← Назад к новостям
«Ана жүрегі – шексіз әлем» атты мерекелік бағдарлама.

«Ана жүрегі – шексіз әлем» атты мерекелік бағдарлама.

64mektep
07.03.2026 в 23:39
91 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде , 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана жүрегі – шексіз әлем» атты мерекелік бағдарлама өтті. Мерекелік кеште аналар мен аяулы ұстаздарға арналған жүрек жарды құттықтаулар айтылып, әсем әндер шырқалып, әсерлі жырлар оқылды. Көркем би биленіп, тағылымы мол сахналық қойылым көрермен көңілінен шықты. Мектебіміздің оқушылары мен шығармашылық топтары өз өнерлерін ортаға салып, мерекенің мазмұнды да әсерлі өтуіне зор үлес қосты. Әрбір нөмір аналарға деген шексіз құрмет пен ыстық ықыласты айқын сездірді. Мерекелік бағдарлама шеңберінде жас ұрпақтың бойында ізгілік, сыйластық пен анаға деген құрмет сезімі айшықтала түсті. Мереклік көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарымызға алғысымызды білдіреміз. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 07.03.2026
91
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT