Меню KDT
Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру — сапалы білім, денсаулықты сақтау.


«Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік «64-те қонақта» жобасы аясында Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру саласының белсенді өкілі, қоғам қайраткері Азамат Парменұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу «Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру — сапалы білім, денсаулықты сақтау» тақырыбында еркін ойталқы форматында өтті.
Жоба барысында спикер еліміздегі жастар саясатының негізгі бағыттарына тоқталып, сапалы білім алудың маңыздылығы, жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуы, сондай-ақ денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде мазмұнды пікір білдірді. Ол өз сөзінде білімді, дені сау, рухани бай ұрпақ — ел болашағының кепілі екенін атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан бірқатар маңызды сұрақтар қойылды:
• Бүгінгі таңда жастарға мемлекет тарапынан қандай нақты қолдау көрсетілуде?
• Ауыл жастары мен қала жастарына берілетін мүмкіндіктер тең бе?
• Сапалы білім алу үшін жастар ең алдымен нені ескеруі керек?
• Жастардың денсаулығын сақтау бағытында қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда?
• Табысқа жетудің басты құпиясы неде?
Қойылған сұрақтарға нақты мысалдар келтіре отырып жауап берді. Ол жастарды белсенді болуға, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғам өміріне белсене араласуға шақырды. Кездесу оқушыларға үлкен мотивация беріп, олардың болашаққа деген сенімін арттырды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, «Адал азамат» қағидаттарын санасына сіңіруге зор ықпал ететіні сөзсіз. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
2 просмотров
Автор: 64mektep
Добавлено: 03.03.2026 в 23:11

Возможно вас заинтересует...!