Меню KDT
Балалардың компьютерлік ойындарды аз ойнауға ата-ана тарапынан көмектесу.


«Балалардың компьютерлік ойындарды аз ойнауға ата-ана тарапынан көмектесу» өзін-өзі салауа демалыс алдындағы алдын алу жұмыстары» тақырыбында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бастауыш сынып ата-аналарына ашық есік күні өткізілді. Балаларымыздың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу және оларды тиімді, пайдалы әрекеттерге бағыттауда ата-ананың рөлін күшейту мақсатында ұйымдастырылды.Қазіргі таңда технология дамыған заманда компьютер мен смартфон – күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Дегенмен, балалардың шамадан тыс ойын ойнауы олардың денсаулығына, психологиялық жай-күйіне, оқу үлгеріміне және әлеуметтік қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт экран алдында отыру көру қабілетінің төмендеуіне, қозғалыс аздығына, ұйқының бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар, бала шынайы өмірдегі қарым-қатынастан алыстап, виртуалды әлемге тәуелді болып қалуы ықтимал.Сондықтан бұл мәселені шешуде ата-ананың қолдауы мен бақылауы аса маңызды. Ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар:
1. Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру (сабақ, демалыс, үй шаруасы, спорт).
2. Компьютер мен телефонды қолдану уақытына нақты шектеу қою.
3. Бос уақытты бірге өткізу (серуендеу, спорт, кітап оқу, үстел ойындары).
4. Баламен ашық әңгімелесу, оның қызығушылығын түсіну.
5. Өз үлгіңіз арқылы экран уақытын мәдениетті қолдануды көрсету.
Ең бастысы – тыйым салу емес, баламен сенімді қарым-қатынас орнату. Бала өзін түсінетін, қолдайтын ата-ананың сөзін қабылдайды. Ортақ қызығушылық табу, жетістігін мадақтау, уақытты тиімді жоспарлау – тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдары.
Біздің мақсатымыз – балаларымыздың дені сау, саналы, белсенді әрі жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіне бірге жағдай жасау. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
4 просмотров
Автор: 64mektep
Добавлено: 26.02.2026 в 22:52

Возможно вас заинтересует...!