Сейсенбі – Денсаулық күні.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Сейсенбі – Денсаулық күні» қарсаңында мектебімізде оқушылардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған сергіту сәті ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын ояту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту. Сонымен қатар, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, оқу процесіне деген ынтасын арттыру көзделді. Сергіту сәті барысында оқушылар арнайы дайындалған жаттығулар кешенін орындап, әуен ырғағымен түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасады. Белсенділікке толы шара балалардың ерекше қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға, олардың жан-жақты дамуына және мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға өз үлесін қосады. Алдағы уақытта да «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында түрлі тәрбиелік, танымдық және спорттық іс-шаралар жалғасын табатын болады.
ВИДЕО КӨРУ
Автор: 64mektep
Добавлено: 24.02.2026 в 22:49