← Назад к новостям
«Кім боламын?» шығарма жазу сайысы.

«Кім боламын?» шығарма жазу сайысы.

64mektep
18.02.2026 в 15:13
67 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Сәрсенбі – кәсіби бағдар күні» аясында 3–4 сынып оқушылары арасында «Кім боламын?» тақырыбында шығарма жазу сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, олардың арман-мақсаттарын айқындауына бағыт-бағдар беру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру көзделді. Сайыс барысында оқушылар өздерінің болашақта кім болғысы келетінін, таңдаған мамандықтарының қоғам үшін маңыздылығын, елге қызмет ету жолындағы армандарын шынайы әрі мазмұнды түрде баяндады. Жас ерекшеліктеріне сай ой-толғамдарын білдіріп, қиялдары мен мақсаттарын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 18.02.2026
67
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT