← Назад к новостям
 «Эмпатия және диалог» тренингі

«Эмпатия және диалог» тренингі

b0917skobilim
13.02.2026 в 09:38
90 просм.
Нет комментариев

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің желілік кестесі шеңберінде "N2 Новоишим орта мектебі" КММ-де 8-9 сынып оқушыларына арналған «Эмпатия және диалог» бірыңғай тренинг өткізілді.
Тренингті мектептің педагог-психологі Шакеева Д.М. жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар өзара түсіністік, эмоцияларды қабылдау, сенімді қарым-қатынас орнату және тиімді диалог жүргізу дағдыларын тәжірибелік сабақтар арқылы меңгерді.
Мектеп ұжымы оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуы олардың тұлғалық өсуі үшін маңызды деп санайды. Мұндай тренингтер қатысушыларға өз сезімдерін дұрыс білдіруге, басқаларды түсінуге және салауатты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Автор: b0917skobilim · 13.02.2026
90
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT