← Назад к новостям
 «Қоғамдық игілік үшін қызмет ету»

«Қоғамдық игілік үшін қызмет ету»

b0917skobilim
09.02.2026 в 16:44
88 просм.
Нет комментариев

2026 жылғы 09 ақпан күні
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 2-11 сынып оқушыларына арналған «Қоғамдық игілік үшін қызмет ету» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының басты мақсаты: оқушыларға қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, еріктілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар қоғамдық жұмыстардың түрлерімен танысып, еріктіліктің адам өміріндегі рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қоғамға пайдалы болудың жолдары талқыланып, нақты мысалдар келтірілді.
Сынып жетекшілері оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, белсенділік, жанашырлық, ұйымшылдық сияқты құндылықтардың маңызын атап өтті.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Автор: b0917skobilim · 09.02.2026
88
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT