← Назад к новостям
«Тарихтың бір беті» атты мини-жоба

«Тарихтың бір беті» атты мини-жоба

b0917skobilim
06.02.2026 в 09:08
95 просм.
Нет комментариев

Орыс тілі, әдебиеті және тарих апталығы аясында 7«Б» және 7«В» сынып оқушылары арасында «Тарихтың бір беті» атты мини-жобалар байқауы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және шығармашылық ойлауын қалыптастыру.
Байқау барысында оқушылар тарихи тақырыптарды өз бетінше зерттеп, маңызды оқиғаларды қысқаша әрі мазмұнды түрде ұсына білді. Қатысушылардың жұмыстары мазмұндылығымен, тың көзқарасымен және көркем безендірілуімен ерекшеленді.
Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын күшейтіп, өткенді құрметтеуге тәрбиелейді.
Өткізген: Кусаинова Н. В.

Автор: b0917skobilim · 06.02.2026
95
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT