← Назад к новостям
Құқық бұзушылықтың алдын алу.

Құқық бұзушылықтың алдын алу.

b0917skobilim
06.02.2026 в 16:25
119 просм.
Нет комментариев

06.02.2026 күні, «Новоишим орта мектебі №2» КММ-де 9–11 сынып оқушыларының Жаңаесіл ст. желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Шакубасов Б.К.-мен кездесуі өтті.
Кездесу барысында түлектердің болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қозғалды. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алу және көлік объектілеріндегі жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мәселелеріне аударылды.
Әрбір жоғары сынып оқушысы білуі тиіс маңызды жайттар:
Тыйым салынған заттар:
Кастет, пышақ және кез келген суық қаруды алып жүруге қатаң тыйым салынады. Подполковник ерекше атап өтті: вокзалға немесе платформаға кірген кезде әрбір адам металл іздегіш рамкаларынан өтеді. Мұндай заттарды жасыру мүмкін емес — техника металды бірден анықтайды.
Салдары: Тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасау — «кездейсоқтық» емес, бұл ауыр құқық бұзушылық болып саналады. Ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, ал бұл болашақта беделді жоғары оқу орындарына немесе мемлекеттік қызметке жолды жабуы мүмкін.
Ерікті түрде тапсыру: Заңсыз сақталған қаруды ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсыру қылмыстық жауапкершіліктен босататыны түсіндірілді.

Автор: b0917skobilim · 06.02.2026
119
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT