← Назад к новостям
⚜️ Жасанды интеллект - дәстүрлі білім мен болашақ дағдыларды байланыстыратын көпір, ол оқушыларға тереңірек, жылдамырақ және саналы түрде үйренуге көмектеседі.

⚜️ Жасанды интеллект - дәстүрлі білім мен болашақ дағдыларды байланыстыратын көпір, ол оқушыларға тереңірек, жылдамырақ және саналы түрде үйренуге көмектеседі.

saparov.muhanbetali
28.11.2025 в 19:40
157 просм.
Нет комментариев

⚜️ Жасанды интеллект - дәстүрлі білім мен болашақ дағдыларды байланыстыратын көпір, ол оқушыларға тереңірек, жылдамырақ және саналы түрде үйренуге көмектеседі. Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Петропавл қаласында Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебінің базасында мұғалімдерге арналған "Білім берудегі жасанды интеллект: мұғалім үшін мүмкіндіктер мен қиындықтар" тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын оқытуда пайдалану бойынша заманауи тәсілдерді, оқу процесінің тиімділігін арттыру жолдарын, сондай-ақ мұғалімнің цифрлық ортада жұмыс істеуіне қажетті практикалық құралдарды талқылады.
Педагогтер күнделікті педагогикалық қызметке енгізуге болатын практикалық әдістемелер мен цифрлық шешімдерді ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді: оқу процессін әзірлеу және өткізу үшін интеллектуалды көмекшілер мен ЖИ құралдарын белсенді қолдану; сараланған оқыту мен жеке білім беру траекторияларын құруда ЖИ-платформаларын пайдалану; жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту барысында ЖИ элементтерін тиімді біріктіру.

Автор: saparov.muhanbetali · 28.11.2025
157
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT