← Назад к новостям
 «Кітапханаға кітап сыйла» акция.

«Кітапханаға кітап сыйла» акция.

b0917skobilim
03.02.2026 в 15:37
124 просм.
Нет комментариев

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де кітапхана қорын толықтыруға және білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды.
Акцияның мақсаты - кітаптарға екінші өмір сыйлау, мектеп кітапханасының қорын балалар және танымдық әдебиеттермен толықтыру, сондай-ақ оқушыларды игі және пайдалы істерге тарту.
Егер сізде үйде оқылған немесе қайталанатын кітаптар болса (балалар фантастикасы, классикалық шығармалар, танымдық және энциклопедиялық басылымдар), оларды мектеп кітапханасына сыйға тартуға болады.
Мектеп кітапханасы сыйға тартылған әдебиеттерді ризашылықпен қабылдайды.
Сіздің кітаптарыңыз біздің жас оқырмандарымызға бірнеше рет қуаныш пен пайда әкелсін!
Қатысудың міндетті шарттары:
• кітаптар жақсы жағдайда болуы керек;
• кітаптар оқуға және пайдалануға жарамды болуы керек.
Акция ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Автор: b0917skobilim · 03.02.2026
124
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT