«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қаржы сақшысы» компьютерлік ойыны ұйымдастырылды.
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қаржы сақшысы» компьютерлік ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында білім алушылар интерактивті форматта қауіпсіз қаржылық мінез-құлықтың негіздерімен танысып, қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерін анықтауды үйренді, сондай-ақ ақшаны жауапкершілікпен пайдаланудың ережелері туралы мағлұмат алды.
Ойынға қатысу оқушылардың сыни ойлау, қаржылық жауапкершілік және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті, бұл кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Осындай іс-шараларды өткізу білім алушыларға қаржылық мәселелерге саналы түрде қарауға және күнделікті өмірде дұрыс, салмақты шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Автор: b0917skobilim
Добавлено: 22.01.2026 в 18:10