← Назад к новостям
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте ата-аналар жиналыстары өтті.

«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте ата-аналар жиналыстары өтті.

b0917skobilim
21.01.2026 в 11:10
104 просм.
Нет комментариев

«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте ата-аналар жиналыстары өтті.
Ата-аналар қауымдастығымен өткен кездесулер барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, білім алушылардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар оқу үлгерімі, сабаққа қатысу, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, зиянды әдеттердің алдын-алу, мектепте және мектептен тыс жерлерде қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ата-аналарға білім алушыларды тәрбиелеу мен олардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелерінде отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар берілді.

Автор: b0917skobilim · 21.01.2026
104
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT