← Назад к новостям
«Өз құқықтарыңды біл».

«Өз құқықтарыңды біл».

b0917skobilim
14.01.2026 в 21:44
91 просм.
Нет комментариев

2026 жылғы 14 қаңтарда «№2 Новоишим орта мектебінде» КММ-де «Заң және тәртіп» айлығы аясында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң нормаларына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Өз құқықтарыңды біл» құқықтық ақпарат күні өткізілді.
Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын көрсететін көрнекі инфографикасы бар ақпараттық стендтер рәсімделді. Ақпарат білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсынылды.
Ақпараттық материалдарды орналастыру білім алушылардың құқық саласындағы білімін кеңейтуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етті.

Автор: b0917skobilim · 14.01.2026
91
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT