Меню KDT
📌 2026 жылғы 19 қаңтарда онлайн-форматта «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің қызметке дайындығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық инклюзивті білім беру педагогтері Бірлестігiнің отырысы өтті.


📌 2026 жылғы 19 қаңтарда онлайн-форматта «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің қызметке дайындығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық инклюзивті білім беру педагогтері Бірлестігiнің отырысы өтті.
Отырыс барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылды, 2026 жылға арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды.
Отырысқа қатысушылар ұсынымдар әзірледі:
- білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру ортасын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
- педагогтер мен сүйемелдеу мамандарының пәнаралық өзара іс-қимылын күшейту;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыста түзету-дамыту құралдары мен заманауи педагогикалық технологияларды қолдану;
- цифрлық білім беру ортасының цифрлық құралдары мен элементтерін пайдалану;
- білім беру және түзету практикасында қолданбалы мінез-құлықты талдау (АВА) элементтерін енгізу;
- педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және кәсіби ынтымақтастықты дамыту.
Кеңес жұмысына инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері қатысты. Отырыс тиімді тәжірибелермен алмасу және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.


Комментариев нет
28 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 20.01.2026 в 12:56

Возможно вас заинтересует...!