← Назад к новостям
Заң және тәртіп

Заң және тәртіп

b0917skobilim
08.01.2026 в 15:37
105 просм.
Нет комментариев

2026 жылғы 8 қаңтарда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ базасында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Джунусов А.К.-нің қатысуымен («Заң және тәртіп» идеологемасы аясында) Құқықтық тәрбие айлығының ашылуы өтті. Іс-шара барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі нормалары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін қамтитын тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Құқықтық тәрбие айлығының ашылуы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға бағытталған іс-шаралар циклінің бастамасы болды

Автор: b0917skobilim · 08.01.2026
105
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT