24 желтоқсан күні мектебімізде қазақтың даңқты ұлы, халық батыры, талантты қолбасшы, жазушы, «Халық Қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік сабағы» өткізілді. Ерлік сабағының мақсаты – жас ұрпақты Отан алдындағы борышқа деген құрметке, патриоттыққа баулу, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен рухты қалыптастыру.
Ерлік сабағына С.Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Аманжолов Рахметолла Аманжолұлы мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Смағұл Жетпіс Әдбігалиұлы қатысты. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен балалық шағы туралы мәліметтер берілді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларға Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері негізінде оның ерлік жолы түсіндіріліп, тағылымды ақыл-кеңестер айтылды. Іс-шара патриоттық рухта өтіп, оқушылар белсене қатысты.
«Ерлік сабағын»ұйымдастырған:мектептің әлеуметтік педагогы Дюсембина Б.А және тарих пәнінің мұғалімі Мажитова Г.Н
ВИДЕО КӨРУ
Автор: 64mektep
Добавлено: 23.12.2025 в 18:32