Меню KDT
✨✨КӨККЕ САМҒАҒАН ҮМІТТЕР!✨⚡✨


Мектебімізде қуанышты жаңалық! 💥💥💥

Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Атырау облысының оқушылары командалық есепте жүлделі ІІ орынды жеңіп алды, оның ішінде Құрманғазы ауданы тағы да бәйгені бермей, командалық 1 орынды қанжығалады, сонын ішінде Құрманғазы ауданы атынан М.В.Ломоносов жалпы орта мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық додада топ жарды.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық кезеңге мектебімізден 2 оқушы қатысып жүлделі орындармен марапатталды👏🏻👏🏻👏🏻

Атап айтқанда:
🥈II орын - Кисметов Данабек - 10-сынып оқушысы, химия пәні, жетекшісі Исмагулова Жанна.

🥉III - орын Есетов Ержигит -
11-сынып оқушысы, биология пәні, жетекшісі Ибынова Розалия.

М.В.Ломоносов мектебінің мерейін үстем еткен жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
Желтоқсан айында Астана қаласында Ауыл олимпиадасының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өтетін кезеңіне қатысатын 3 оқушымызға сәттілік тілейміз!






Комментариев нет
15 просмотров
Автор: dias.kudaibergen
Добавлено: 05.12.2025 в 17:41

Возможно вас заинтересует...!