Меню KDT
Елімізде биылғы жылы екінші мәрте ауыл мектептерінің балаларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың І,ІІ,ІІІ кезеңдері өткізілді.


⚜Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау.
⚜Ауыл олимпиадасына мектебімізден 58 -ге жуық оқушы тіркеліп, І кезең қорытындысымен 37 оқушы аудандық кезеңіне өтіп, нәтижесінде 8 оқушы облыстық кезеңге жолдама алған. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыты (математика, физика, химия, биология, информатика, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыты (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі) пәндерінен өткізілді.
Осы ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мектептің мерейін көтерді. Бүгінгі күні Атырау қаласында өткен ауыл олимпиадасының ІІІ кезең қорытынды жиынында орыс тілі мен әдебиеті және жаратылыстану пәні бойынша қатысқан 10-сынып оқушысы Таскалиева Айнара l орынға иеленіп, 9 сынып оқушылары Махмудова Гульназ
II орын, Елемесова Милана Алғыс хатпен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарының пән жетекшілерін Д.Мукушева, А.Шамшиденова А.Артмухамбетова сынды ұстаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық ізденіс пен әрқашан жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз!🎉🎊🌷


Комментариев нет
16 просмотров
Автор: dias.kudaibergen
Добавлено: 05.12.2025 в 17:31

Возможно вас заинтересует...!