← Назад к новостям
Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.

Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.

64mektep
21.11.2025 в 20:23
94 просм.
Нет комментариев

«AI әлеміндегі ғылым үндестігі» атты математика-информатика-физика пәндерінің онкүндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Турсумбаева Гульнур Пазилбекқызы 7 «К» сыныбында «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» тақырыбы бойынша №3 зертханалық жұмысқа арналған ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, топтық жұмыс форматында тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Әр топ сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтап, өлшеу құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар жеке жұмыс орындап, деңгейлік есептер шығару арқылы теориялық білімдерін бекітті. Ашық сабақ оқушылардың зерттеу қабілетін дамытып, физика пәніне деген қызығушылығын арттыра түсті. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 21.11.2025
94
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT