← Назад к новостям
Ұлттық құндылықтар күні!

Ұлттық құндылықтар күні!

60mektep
14.11.2025 в 19:28
406 просм.
Нет комментариев

Бүгін мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында Ұлттық құндылықтар күні аталып өтті. 


Бүгін мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында Ұлттық құндылықтар күні аталып өтті. Сынып жетекшілеріміздің ұйымдастыруымен оқушылар әртүрлі қызықты ойындар мен викториналық сұрақтар дайындап келген екен. Оқушыларымыздың барлығы дерлік аталмыш іс-шараға белсене қатысып, сұрақтардың бәріне мүдірмей жауап беруге тырысып бақты.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына рухани байлықты сіңіріп, тарихымызды терең түсінуге мүмкіндік береміз. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнерін дәріптеу жолында аянбай еңбек етейік!

Автор: 60mektep · 14.11.2025
406
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT