← Назад к новостям
7–11 сынып оқушыларымен кездесу

7–11 сынып оқушыларымен кездесу

b0917skobilim
18.09.2025 в 19:08
77 просм.
Нет комментариев

2025 жылғы 18 қыркүйекте «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 7–11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасының аға прокуроры Осипова Вера Николаевна, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Кубитова Мира Жомартқызы және аудандық білім бөлімі әдіскері Каппасова Айсара Амангельдиновна сөз сөйледі.
Жасөспірімдермен өте маңызды тақырыптар талқыланды – құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткінің зияны, зорлық-зомбылық пен буллингке бейжай қарамау қажеттілігі. Балаларға кез келген уақытта әлеуметтік педагогқа, мектеп психологына, білім бөліміне немесе прокуратураға көмек сұрап жүгіне алатыны және оларға міндетті түрде қолдау көрсетілетіні еске салынды.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз әрекеттеріне деген жауапкершілікті жақсырақ түсінуіне және дұрыс таңдау жасауға үйретеді.

Автор: b0917skobilim · 18.09.2025
77
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT