Меню KDT
Құқықбұзушылықтың алдын алу

Құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмағандар арасында заң мен тәртіпке бағынбаушылықты болдырмау.


Бүгін мектебімізде 6–10 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмағандар арасында заң мен тәртіпке бағынбаушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің және Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ қызметкерлері қатысты. Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен дәріс өткізіп, қылмыс пен құқықбұзушылық үшін қолданылатын жаза түрлері жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар, өмірде болып жатқан нақты оқиғалар видеоролик арқылы көрсетіліп, жасөспірімдерге теріс қылықтардан аулақ болып, заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы түсіндірілді.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда.


Комментариев нет
71 просмотров
Автор: 60mektep
Добавлено: 15.09.2025 в 17:21

Возможно вас заинтересует...!