← Назад к новостям
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы.

60mektep
05.09.2025 в 16:41
281 просм.
Нет комментариев

Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. 


Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға оқушылар мен мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімдері белсене қатысып, әуелеген әндерімен, мың бұрылған билерімен кеш көркін келтірді. Кеш барысында Ахмет бабамыздың мол мұралары мен Абай атамыздың 180 жылдығы да аталып өтілді. Мұндай мерекелік іс-шаралар оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетін бағалауға тәрбиелейтіні анық. Тілдер мерекесінің шымылдығын әдемі түріп берген-ұлағатты ұстаздарымыз бен оқушыларымызға алғысымыз зор! Ана тіліміздің ғұмыры ұзақ, тұғыры биік болсын деп тілейміз!!!

Автор: 60mektep · 05.09.2025
281
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT