← Назад к новостям
Жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық іс-шара

Жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық іс-шара

b0917skobilim
12.11.2025 в 11:30
78 просм.
Нет комментариев

12 қараша күні мектебімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1–3 сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Кездесуге полиция қызметкерлері қатысып, балаларға жолда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды, жаяу жүргінші мен жолаушының дұрыс мінез-құлқы туралы айтып берді, көшені дұрыс кесіп өтудің көрнекі мысалдарын көрсетті.
Балалар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, әңгімеге қатысты және жол белгілері жөніндегі өз білімдерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар бастауыш сынып оқушыларының жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекітуге және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Автор: b0917skobilim · 12.11.2025
78
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT