← Назад к новостям
⚜️ Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Әдістемелік орталық биология пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.

⚜️ Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Әдістемелік орталық биология пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.

saparov.muhanbetali
28.11.2025 в 17:46
339 просм.
Нет комментариев

⚜️ Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Әдістемелік орталық биология пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.
Іс-шара өңірдің «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау аясында өтті.
Шал ақын ауданының «Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы мектеп-лицейінің» биология пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» атағының иегері Кособоков А.В. өзінің тиімді педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Спикер негізгі әдістемелік тәсілдер және биология пәнін оқытудың тиімді практикалары туралы жан-жақты айтып өтті. Сондай-ақ ол мұғалімнің кәсіби құзыреттерін дамыту мен білім беру үдерісінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Спикерге мазмұнды баяндамасы және Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік қауымдастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Автор: saparov.muhanbetali · 28.11.2025
339
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT