← Назад к новостям
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» 🔹

«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» 🔹

saparov.muhanbetali
26.11.2025 в 09:14
263 просм.
Нет комментариев

«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» 🔹

Ағымдағы жылғы 25 қазан күні Ақжар ауданының Талшық ауылында орналасқан «Балдырған» балабақшасында білім беру саласының мамандары бас қосқан мазмұнды семинар өтті. «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» тақырыбындағы шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық болмысты, рухани байлықты және ұлттық тәрбиенің терең мәнін тиімді жеткізудің жолдарын талқылау. Семинар барысында шебер педагогтер тәжірибе көрсетіп, ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерімен таныстырып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің, өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал етудің және тәрбиенің өзегін ұлттық рухпен байытудың маңызын атап өтті.

✨ Шараның ерекшеліктері:

  • ұлттық тәрбиенің практикалық негіздерін талқылау;
  • тиімді педагогикалық әдістерді ЖИ ұсыну;
  • ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің жаңа бағыттарын айқындау.
📌 Семинар педагогтердің кәсіби дамуына ғана емес, жас ұрпақтың саналы, рухани бай, отаншыл болып өсуіне бағытталған маңызды қадам болды. Семинарға Тайынша, Уалихан аудандарының педагогтері қатысып тәжірибе алмасып, алғысын білдірді

Автор: saparov.muhanbetali · 26.11.2025
263
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT