← Назад к новостям
“USTAZ QUIZ” интеллектуалды сайысы.

“USTAZ QUIZ” интеллектуалды сайысы.

64mektep
13.11.2025 в 22:42
96 просм.
Нет комментариев

С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейіндегі жас мамандар арасында өткен “USTAZ QUIZ” интеллектуалды сайысының сәтті аяқталғанын қуана хабарлаймыз! 🎉 Бұл жарыс жай ғана сайыс емес, ол – жас ұстаздарымыздың ой ұшқырлығын, алғырлығын дамытуға және оларға педагогикалық жолда сенімді қолдау көрсетуге бағытталған ерекше алаң болды.
Сайыс барысы қызыққа толы болды! 🤩
Ұстаздар логикалық сұрақтарға жауап беріп, топтық ойындарда бірігіп жұмыс істеді. Сонымен қатар, оларға күрделі педагогикалық жағдаяттар ұсынылып, рөлдік ойындар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Бұл сайыста ЖИ (Жасанды Интеллект) технологиялары да қолданылды.
Жарыс барысында жас мамандар өздерінің білімдерін, жылдамдығын және ең бастысы – ұстаздыққа деген сүйіспеншіліктерін тағы да дәлелдеді! Әрбір қатысушыға алғыс айтамыз! Сіздер – біздің болашағымыз! ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 13.11.2025
96
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT