← Назад к новостям
“Абай – дана, Абай – дара қазақта” қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні апталығы.

“Абай – дана, Абай – дара қазақта” қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні апталығы.

64mektep
15.10.2025 в 15:37
124 просм.
Нет комментариев

Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні апталығының “Абай – дана, Абай – дара қазақта” атты салтанатты ашылуы өтті. Бұл тағылымды шара Ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, мазмұндық маңызын арттыра түсті. Ашылу рәсімінде оқушылар «Абайдың 21 ғасыр ұрпағымен жүздесуі» атты көрініс арқылы бүгінгі жас ұрпақтың кемеңгер тұлғамен рухани сұхбатын бейнелеп, Абай сенген жастардың саналы іс-әрекетін сахна төрінде көрсете білді. Шәкірттер Абайдың ғибратқа толы қара сөздерін, жүрек тербетер өлеңдерін нақышына келтіре оқып, ұлы ақынның әндерін шебер орындады. Бұл — Абай мұрасының бүгінгі буынмен жалғасып жатқанын дәлелдеген әсерлі сәттер болды. Апта бойы түрлі танымдық сайыстар, шығармашылық жұмыстар, ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру көзделіп отыр. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 15.10.2025
124
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT