🔰 Петропавл қаласының Бірінші гимназиясы мектептің 60 жылдық мерейтойын және гимназияның құрылғанына 35 жыл толуын атап өтуде!

Петропавл қаласының Бірінші гимназиясы мектептің 60 жылдық мерейтойын және гимназияның құрылғанына 35 жыл толуын атап өтуде!
Петропавл қаласындағы «Бірінші гимназия» КММ – облыстағы жетекші инновациялық мектептердің бірі әрі Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы инновациялық мектептердің қатарында. Бұл жобаның бастамашысы – мектеп директоры Раиса Ивановна Полищук болды.
Мұнда әрқашан сапалы білім берілді және беріліп келеді, мектеп өз дәстүрлерімен және түлектерімен танымал. «Бірінші гимназия» КММ 2023–2024 оқу жылының «Қаланың үздік инновациялық мектебі» деп танылды. 2023 жылы өткен Қазақстандық «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің нәтижесі бойынша гимназия Қазақстандағы ең үздік 10 мектептің қатарына кірді.
«Әдістемелік орталық» КММ директоры Р.С. Сәркен мектеп ұжымын мерейтойымен құттықтап, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, мектептің «Серіктестер», «Бірлестік», «Кәсіпке қадам», «Қала – ауыл» атты облыстық жобаларды жүзеге асырудағы Әдістемелік орталықпен белсенді ынтымақтастығын ерекше атады.
Мектеп ұжымын, оқушыларын және түлектерін осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз. Мектепке өркендеу, дарынды оқушылар, өз ісіне адал ұстаздар мен жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 10.10.2025 в 12:47