🔰 Облыстық «Тірек» жобасын іске асыру аясында «№ 8 эстетикалық тәрбие мектебі-кешені» КММ базасында «Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтудің әдістемелік негіздері мен практикасы» атты облыстық семинар өтті.

Облыстық «Тірек» жобасын іске асыру аясында «№ 8 эстетикалық тәрбие мектебі-кешені» КММ базасында «Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтудің әдістемелік негіздері мен практикасы» атты облыстық семинар өтті.
Бір алаңда мектеп басшылары, білім бөлімінің мамандары және өңір педагогтары жиналып, аттестацияға дайындықтың негізгі аспектілерін талқылап, тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Өзін-өзі бағалау материалдарын дайындаудағы типтік қателерге аналитикалық шолу жасаған КММ «Білім саласындағы бақылау департаменті» бөлім бастығы Панарина М.А. болды.
Аттестаттаудан сәтті өтудің және сапаны ішкі бақылауды ұйымдастырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті:
– Петропавл қ., «Балдырған» б/б менгерушісі Стабаева С.Б.;
– Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, «Новоишим қазақ ОМ» КММ директоры Баймағамбетова Б. Ш.;
– Аққайың ауданы, «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Мейрамова С. С.;
– Петропавл қ., «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Симчера А. С.;
– Петропавл қ., «№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешені» КММ директоры Уалиева А. Ф.

Семинар барысында қатысушылар:
– Өзін-өзі бағалауды дайындаудағы типтік қателіктерді талдады;
– Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді қарастырды;
– Мектепті дамыту құралы ретінде оқыту сапасын ішкі мониторингті талқылады;
– Аттестацияны сәтті өтуге мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдермен танысты.

Мобильді топтардың рөліне және мемлекеттік аттестацияға дайындықтың барлық кезеңдерінде мектептерге әдістемелік қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Семинар ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кәсіби өсу атмосферасында өтті.
Алынған білім мен ұсыныстар өңір педагогикалық ұжымдары үшін мемлекеттік аттестацияға дайындық барысында сенімді тірек болады.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 10.10.2025 в 12:45