Меню KDT
⚜️ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ!


⚜️ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ!
2025 жылдың 8 қазаны күні «Әдістемелік орталық» КММ мен СҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бірлесіп, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында маңызды кездесу өткізді.
Шараның мақсаты — балалардың жолда қауіпсіз жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ата-аналар мен педагогтердің жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара аясында 1–2 сынып оқушыларына арналған қуыршақ театр қойылымы сахналанып, 300 оқушыны қамтыды. Қойылым арқылы балалар жол қозғалысы ережелерін ойын арқылы меңгеріп, қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат алды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жолдағы тәртіп, қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы кеңестер беріп, балалардың қызығушылығына жауап берді.


Комментариев нет
6 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 08.10.2025 в 12:33

Возможно вас заинтересует...!