Ақтау қаласындағы "Оқушылар сарайында" жасанды интелектті оқытуға арналған заманауи кабинет ашылады.Бұл маңызды қадам Маңғыстау облысының әкімдігі мен Халықаралық білім беру және инновация орталығы арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге аспақ.
Жаңа кабинет 5-7 сынып оқушыларына арналған.Мұнда балалар жасанды интелектті қолдану дағдыларын меңгеріп,дрондар арқылы тәжірибелік білімдерін жетілдіре алады.Бұл-өңір оқушылары үшін IT және инновациялық бағытта дамудың үлкен мүмкіндігі.
Орталық директоры Айман Абзалдың айтуынша,алдағы уақытта оқушылар тек үйреніп қана қоймай,жасанды интеллект бойынша әлемдік чемпионаттарға қатысуға да жол ашылады.
Бұл бастама-болашаққа батыл қадам!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены