← Назад к новостям
"Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік"

"Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік"

aktau.palace
02.10.2025 в 16:05
118 просм.
Нет комментариев

 Ұстаздар күніне орай Оқушылар сарайында ұстаздарға арналған салтанатты мерекелік іс шара өтті.


     

Іс-шараға "АМАНАТ" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова және қалалық мәслихат депутаты Гулмира Абишева қатысып,ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап,ыстық лебіздерін білдірді.
"Ұстаз-адам жанының сәулетшісі,болашақтың бағдаршамы.Ұстаз еңбегінің арқасында еліміздің ертеңі-жас ұрпақ тәрбиеленеді.Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз,қоғамдағы мәртебелеріңіз әрқашан биік",-деп атап өтті Анар Шамшиденова.
Мерекелік кеш барысында бірқатар ұстаздар "АМАНАТ" партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаевтың және білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, "АМАНАТ" партиясының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі Оқушылар сарайының директоры Жанаргүл Жұмашоваға салтанатты түрде табысталды.
Іс-шара ұстаздарға арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

    

Автор: aktau.palace · 02.10.2025
118
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT